Назарбаев кланы билікке қайтадан келуді ойлап жүр

Көркем Алдабергенова 04 мау. 2024 13:05 8144

Қазақстандық экономист Айдар Әлібаев Назарбаев немесе оның өз адамы билікке келуі мүмкін деген пікірге сараптама жасады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Айдар Әлібаев талдауын Виктор Храпуновтың соңғы сұхбаттарының біріне сүйеніп жасаған.

"Виктор Храпунов президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Назарбаев кланы негізгі энергетикалық нысандарды өшіру арқылы елдегі жағдайды тұрақсыздандыруы мүмкін екенін ескерткендей болды. Оның сөзінше, ескі Қазақстан елдегі энергетика саласын бақылауда ұстап отыр. Мұндай жағдайда біздің мемлекеттігімізге қауіп төнуі мүмкін. Бірнеше медиада Назарбаев кланы оралуы мүмкін екенін, ол үшін қажет ресурстары да бары айтылған. Бірақ Храпунов экс-президент қазіргі билікке қауіп төндіруі мүмкін тағы бір сала туралы айтып отыр", - дейді Айдар Әлібаев.

Храпуновтың сөзінше, елдегі электр станцияларының бәрі Назарбаев кланының қолына өтіп кеткен.

"Егер ол президент Тоқаевты алып тастағысы келсе, Назарбаевқа оның қоластындағы электрстанцияларын өшіріп тастау туралы бұйрық берсе жеткілікті. Храпунов осындай болжам жасап отыр және бұл пікірге құлақ аспай тастауға болмайды", - дейді Әлібаев.

Айдар Әлібаев Назарбаевтың өзі болмаса да, оынң айналасындағылар билікті қолға алғысы келетінін айтады.

"Оның ішінде экс-президенттің отбасы мүшелері ғана емес, Назарбаевтың арқасында жоғары қызметтер атқарғандар да бар", - дейді Әлібаев.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар