Назарбаев билікте отырған тұсында жарты миллиардқа вилла сатып алмақ болған

Көркем Алдабергенова 25 қыр. 2025 09:18

Ресейлік бұрынғы бизнесмен Шалва Чигиринский Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев сатып алмақ болған ерекше вилла туралы айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Чигиринский Юрий Дудьке сұхбат беріп, 2009 жылы Ресейдегі бизнесінен айырылғандықтан вилласын сатуға мәжбүр болғанын жеткізді.

"Сатып алушы "Газпром нефть" болды. Бағасы шамамен 70 млн доллар еді. Мен оны реставрациядан өткіздім, бірақ әңгіме онда емес. Маған әлдеқайда қымбат баға ұсынғандар болды. Тіпті жарты миллиардқа дейін беруге дайын адамдар келді. Назарбаевтың атынан жүрген адамдар жазғы резиденция ретінде алғысы келді. Олар тікұшақ қонатын алаң, екі бассейн, жатын бөлменің көп болуын талап етті.

Бұл вилла барлық талапқа сай еді, ондай үйлер сирек кездеседі. Бір аумақта бәрі бар: Монакоға жақын орналасқан, тікұшақ қонатын жері, үлкен ашық бассейні, үлкен жабық бассейні, қонақ үйдегі бассейні. Қонақ үйдің өзі де үлкен. Бомбаға қарсы қойма болған, мен оны шарап жертөлесіне айналдырдым", – деді Чигиринский.

Аталған зәулім үй бұған дейін Заир диктаторы Мобутудың отбасына тиесілі болған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар