Назарбаев Астананың бас мешітінде көзге түсті

Сағыныш Сардарова 21 мау. 2025 16:18

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Орталық мешітке барды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Видеоны әлеуметтік желідегі парақшасында мешіт азаншысы Қуаныш Сейітханов жариялады. Кадрларда Нұрсұлтан Назарбаев күзет қызметкерлерімен бірге мешіт ішін аралап жүргені көрінеді.

"21 маусымда ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бас мешітке келді", - деп жазған ол.

Сондай-ақ, кадрлардан Назарбаевтың мешіттегі халықпен тілдескені де көрінеді.

"Аман болыңыз, деніңіз сау болсын! Жүз жасаңыз!" - деп тілеген халық видеода.

Айта кетейік, бұл мешітті 2022 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі ашқан болатын. 

Еске салайық, жуырда Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге жеке шақыру бойынша барды. Оның бұл сапары қоғамда түрлі алып-қашпа әңгіме, күмән-күдік тууына себеп болды.

Ал экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібайдың айтуынша, тұңғыш президент әлемнің бірқатар елінің көшбасшыларымен телефон арқылы сөйлесіп, хат алмасып, кейде жеке кездесіп тұрады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар