CEEMAN IQA абыройлы халықаралық аккредитациясын алу – әлемдік деңгейдегі университеттердің қатарына қосылуға мүмкіндік береді. Аталмыш марапат тек НархозУниверситетінің ғана емес, бүкіл қазақстандық жоғарғы оқудың мойындау болып табылады. Ресми марапаттау рәсімі Таллиндегі (Эстония) CEEMAN Жыл сайынғы 24-ші конференциясында осы жылдың қыркүйек айында өтеді деп күтілуде.
Аккредитацияға дайындық барысында атқарған жұмыстар және Аккредитациялық комиссия мүшелерімен Университеттің стратегиясын іске асыру бойынша өткізілген фокус-группаларға қатысқаны үшін Университет басқармасы студенттерге, түлектерге, бизнес-әріптестерге, профессорлық-оқытушылық құрамға, қызметкерлерге алғыс білдірді.
Нархоз Университеті миссия мен стратегиялық бағыт, оқу жоспарларын және даму бағдарламаларынәзірлеу, инновациялар, білім беру сапаны бақылау, ақпараттық технологиялар мен инфрақұрылым, қоғамдық дамуына қосқан үлес, корпоративтік коммуникация және халықаралық ынтымақтастық бағыттар бойынша бағаланды.
– 2016 жылы біз Нархоз Университетінің стратегиялық мақсаты – Орталық Азиядағы үздік экономикалық ЖОО болу жолында өте маңызды, нәтижелі қадамдар жасадық. Шын жүректен құттықтаймыз! Атқарылған үлкен жұмыс және Университеттің стратегиялық міндеттерін іске асыруға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз, – деді Нархоз Университетінің ректоры Кшиштоф Рыбиньски.
«ҚмД» ақпарат