Нәдір Құрымбаев жаңа қызметке тағайындалды

Нәдір Құрымбаев жаңа қызметке тағайындалды
Нәдір Құрымбаев. Фото: ашық дереккөзден

Нәдір Құрымбаев Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Ведомстволық бағынысты ұйымдарды үйлестіру департаментінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Нәдір Құрымбаев 1984 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы аталған университетте инновациялық-білім беру технологиялары зертханасының сарапшысы болып бастаған. Кейін тіркеу және академиялық жазбалар секторының жетекшісі қызметін атқарған.

2007 жылдан бастап "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" АҚ Батыс Қазақстан филиалында түрлі қызметтерде жұмыс істеді.

2008 жылы "New Consulting" ЖШС директорының орынбасары, ал 2009 жылдан бастап "Ұлттық стандарт" сертификаттау орталығы" ЖШС директоры болды.

2020 жылы "AQJAIYO" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.

2021 жылдан бастап "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облыстық филиалын басқарды.

Ал 2024 жылдан бері Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

2026 жылғы 16 қазанда Нәдір Құрымбаев министрліктің Ведомстволық бағынысты ұйымдарды үйлестіру департаментінің директоры болып тағайындалды.