Дереккөздердің айтуынша, Саида жаңарған президент әкімшілігіндегі ең жоғары қызметке отырады.
Осылайша, 38 жастағы Саида Мирзияева әкесі Шавкат Мирзияев әкімшілігін басқарады.
Дереккөздер мәліметінше, қайта құрылған департамент жетекшісі қызметіне президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып істеген Комил Алламжонов тағайындалды. Ол - әкімшіліктегі үшінші адам.
Саида Мирзияев пен Комил Алламжоновты тағайындауы туралы ресми түрде әлі хабарланған жоқ.
Бұның алдында президенттің баспасөз қызметі Азаттықтың Өзбек қызметіне президент әкімшілігінің басшысы Сардор Өмірзақов қызметтен алынғанын растаған.
Өзбекстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысының жарлығымен президент әкімшілігінің жетекшісі қызметі жойылды. Сардор Өмірзақов президенттің ерекше тапсырмалары жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
Биыл қаңтарда дереккөздер президент әкімшілігінің басшысы мен үкімет арасында келіспеушілік барын хабарлаған.
Кейінгі тағайындаулар президенттің үлкен қызы Саида Мирзияев мәртебесі күшейік келе жатқанын көрсетеді.
Бір ай бұрын Азаттықтың Өзбек қызметі Өзбекстанда Шавкат Мирзияев билігі кезіндені непотизм туралы зерттеу жариялап, президент жиырмадан астам туысын лауазымы жоғары қызметтерге тағайындағанын жазған.
https://dalanews.kz/del-qazir/91904-zhezqazgandagy-yelektr-balansyna-qosy