Чиланзар ауданы ішкі істер басқармасы шенеунігінің хабарлауынша, үш күнде 58 нысан – түнгі клубтар, кафелер, сауналар және жеке үйлер тексеріліп, жезөкшелікке қатысы бар деген күдікпен 38 адам ұсталған.
– Ұсталғандарға айыппұл салынып, оларды Сергелі ауданындағы тері-венерологиялық диспансеріне жіберілді, – деді ол.
Ташкенттің Чиланзар ауданында тұратын журналист Бобомурод Абдулла милицияның мұндай әрекетінен түк шықпайтынын айтты:
– Соңғы уақытта Ташкенттің бұл ауданы жезөкшелердің ордасына айналды. Олар Катартал көшесінің бойында тізіліп тұрады. Соның кесірінен біз күндіз балалармен серуендей алмайтын болдық. Бірақ милицияның қолына түскен жезөкшелерге не болады? Мен бұны зерттеп көрдім. Олардың қыздарды ұрып, зорлаған кездері болған. Күшпен тексеру жүргізу әрекетінен түк шықпайды, – деп есептейді журналист.