Мирзиеевтің экс-баспасөз хатшысы Кәрімовтың былығын айтты

Dalanews 29 қыр. 2020 13:34 767



Өзбекстанда бұрын бүкіл баспасөз бір адамға ғана, Ислам Каримовтің қас-қабағына қарай жұмыс істейтін.








Ұлттық масс-медианы қолдау және дамыту қоғамдық қоры кеңесінің төрағасы Комил Алламжонов 28 қыркүйектегі халықаралық онлайн-конференцияда осылай деп мәлімдеді.

"2016 жылға дейін өзбек баспасөзі комада болды. Не тірі емес, не өлі емес. Телеарналар мақтау-мадақтаудан жалықпады, газеттерде "жұмақ жаңалықтары" ғана басылды. Бүкіл баспасөз бір ғана адамға, сол кездегі мемлекет басшысының қас-қабағына қарай жұмыс істеді", — деді Комил Алламжонов.

Оның пікірінше, төрт жылда елдегі баспасөз әлдеқайда либералданып, журналистер елдегі маңызды оқиғалардан хабар таратуға мүмкіндік алды.

Сонымен бірге ол бұған дейін үкіметті сынап келген шетел сайттары бұғаттан шығарылғанын айтты. Өткен жылы Би-би-си, "Америка даусы", "Ферғана" агенттігі, AsiaTerra және басқа да шетел сайттары Өзбекстанда ашылатын болды, бірақ "Азаттық радиосы" өзбек қызметі мен басқа да тәуелсіз сайттар әлі де ашылмай тұр.

Айта кетелік Алламжонов 2017-2018 жылдың аралығында президент Мирзиёевтің баспасөз хатшысы қызметін атқарды. Өзбек президенінің Facebook, Instagram, Twitter және YouTube арналарын жүргізді.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар