Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ұшақта жағдайы нашарлаған жолаушыға көмектескен, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оқиға Астана – Алматы бағытына ұшатын рейсте болған. Министр өзін кенет жайсыз сезінген жолаушыға көмек көрсеткен.
Оқиғаға куә болған жолаушының әлеуметтік желідегі жазбасына қарағанда, жағдай таңертең, ұшақ әлі ұшуға дайындалып жатқан сәтте болған. Жолаушы қыздың халі күрт нашарлап, ол дәрігерді шақырған.
Сол кезде қасындағы әйел оның қан қысымын өлшеп, қажетті дәрілер мен су, шай беріп, жағдайының жақсарғанын бақылаған. Тексеруден кейін жолаушыға ұшуды жалғастыруға рұқсат берілген.
Ал көмектескен адамның Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова екені куәгер кейін ғана білген.
