Миллиард теңге шығын: Каспийде браконьерліктің 90 дерегі анықталды

Көркем Алдабергенова 05 мам. 2025 16:12 270

Сәуір айында Каспий теңізінің акваториясында браконьерлікпен байланысты 90 құқықбұзушылық тіркелді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Шекарашылар браконьерлерден 40-тан астам жүзу құралын және жалпы ұзындығы 118 шақырымға жететін заңсыз аулау құралдарын тәркіледі.

Сонымен қатар, Қызыл кітапқа енген 617 дана бекіре тұқымдас балық пен тоғыз Каспий итбалығы табиғи ортасына қайта жіберілді.

— Алдын алған залалдың жалпы сомасы шамамен 1 миллиард 900 миллион теңгені құрады, — деп хабарлады ҰҚК Шекара қызметі.

Аталған деректер бойынша материалдар құқық қорғау және сот органдарына жолданып, кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту шаралары жүргізілуде.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар