Freedom Inside '26

Мұнай шарықтады: Brent $84-ке таяп, бір күнде 8% өсті

Мұнай шарықтады: Brent $84-ке таяп, бір күнде 8% өсті
pixabay.com

Әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт қымбаттап, Brent маркасы 2024 жылдың жазынан бері алғаш рет барреліне $84-ке жақындады, деп хабарлайды Dala news.

Лондондағы ICE Futures биржасында Brent мұнайының мамыр айындағы фьючерстері Мәскеу уақытымен 14:31-дегі мәлімет бойынша $6,14-ке немесе 7,9%-ға өсіп, $83,88-ге жетті.

Ал Нью-Йорк тауар биржасындағы (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың сәуір айындағы фьючерстері $5,26-ға немесе 7,38%-ға қымбаттап, $76,49 болды.

Сарапшылар мұндай серпінді өсімді геосаяси тәуекелдердің күшеюімен және нарықтағы ұсынысқа қатысты алаңдаушылықпен байланыстырады. Бағаның қысқа мерзімде 7–8%-ға көтерілуі энергия нарығында құбылмалылықтың артқанын көрсетеді.

Мұнай бағасының өсуі мұнай экспорттаушы елдердің кірісіне оң әсер етуі мүмкін. Алайда бұл жанармай бағасы мен инфляцияға қысым түсіру қаупін де арттырады.