Әлемдік энергия нарығында мұнай бағасы күрт төмендеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 5,65%-ға арзандап, 92,82 долларға дейін түсті. Сарапшылар мұны соңғы апталардағы қарқынды өсімнен кейін инвесторлардың пайдасын тіркеуімен байланыстырады.
Соған қарамастан, Brent мұнайының бағасы соңғы бір айда 25,6%-ға, ал бір жыл ішінде шамамен 34%-ға өскен.
Ал уран бағасы керісінше 0,23%-ға өсіп, 86,05 долларға жетті. Нарықтағы өсім баяу болғанымен, соңғы бір жылдағы баға өсімі 20,1% деңгейінде сақталып отыр. Бұл уран нарығындағы тұрақты сұранысты көрсетеді.