Мұнай бағасы Иранның АҚШ кемесіне соққы жасағаны туралы хабарлардан кейін күрт өсті

Мұнай бағасы Иранның АҚШ кемесіне соққы жасағаны туралы хабарлардан кейін күрт өсті
Фото: pixabay.com

Brent маркалы мұнайдың құны 5%-ға өсіп, баррелі 113 долларға жетті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұған ирандық агенттіктер таратқан АҚШ әскери-теңіз күштерінің кемесіне жасалған зымыран шабуылы туралы ақпарат себеп болған.

АҚШ тарапы әзірге бұл шабуылды растаған жоқ, сондай-ақ тәуелсіз дереккөздерден де нақты дәлел келтірілмеген. Axios басылымына берген дереккөз кеме соққыға ұшырады деген ақпаратты жоққа шығарды.

Ал FARS агенттігінің мәліметінше, АҚШ-тың «фрегаты» Джаск порты маңындағы Ормуз бұғазына кіреберісте Иран әскери-теңіз күштерінің ескертуін елемегеннен кейін екі зымыранмен атқыланған.