Мұғалімдер енді есепті қағазға шығарып қайта тапсырудан босатылуы мүмкін

Көркем Алдабергенова 29 сәу. 2026 17:25

Мұғалімдер енді есепті қағазға шығарып қайта тапсырудан босатылуы мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Егер есеп электронды форматта тапсырылса, оны қосымша қағаз нұсқасында өткізуді талап ету тоқтатылмақ. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында білім саласына қатысты түзетулерді талқылау кезінде депутат Асхат Аймағамбетов айтты.

Оның сөзінше, қазіргі таңда ұстаздардан бір есепті қатарынан екі форматта – электронды және қағаз түрінде тапсыру жиі сұралады. Депутат мұны уақытты зая кетіретін және негізсіз талап деп бағалады.

«Мұғалімдер бір есепті екі рет тапсыруға мәжбүр. Алдымен ақпараттық жүйеге жүктейді, кейін қағазға басып шығарып, бөлек өткізеді. Есеп жүйеде тұр, қабылданған, тексерілген. Онда екінші нұсқасын сұраудың не қажеті бар? Бұған ешкім нақты жауап бере алмайды. Бұл – жай ғана қалыптасқан әдет», – деді Аймағамбетов.

 
 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove