Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің үлкен қызы Саида Мирзиёева Ташкент халықаралық қаржы орталығының басқарушысы болып тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ол жаңа қызметті президент әкімшілігінің басшысы лауазымымен қатар атқарады. Саида Мирзиёева бұл қызметке 2025 жылы тағайындалған болатын.
Бұған дейін қабылданған «Президент әкімшілігі туралы» заң аясында Саида Мирзиёеваның өкілеттігі едәуір кеңейтілді.
Жаңа заңға сәйкес, президент әкімшілігінің басшысы ретінде ол Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары мәртебесін алды. Сондай-ақ оған кез келген қудалау түрінен өмір бойы қорғалуды көздейтін иммунитет берілген.
Айта кетейік, Саида Мирзиёева соңғы жылдары Өзбекстанның мемлекеттік басқару жүйесіндегі ықпалды тұлғалардың біріне айналып, бірқатар жоғары лауазымды қызметтерді атқарып келеді.