«Мерейлі отбасы – 2025»: Батыс Қазақстанда 21 отбасы облыстық кезеңге қатысып, үздіктер анықталды

Ақтоты Жапатова 22 там. 2025 10:14

Ақжайық өңірінде дәстүрге айналған «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық конкурсының облыстық кезеңінің лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Аталған шара биыл Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы мен Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылды.

Облыс бойынша байқауға 100-ден астам өтінім түскен. Іріктеу нәтижесінде Орал қаласы мен 12 ауданнан 21 отбасы облыстық кезеңге жолдама алып, өнегелі дәстүр мен берекелі шаңырақтың үлгісін көрсетті.

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев байқау қатысушыларын құттықтап, отбасы құндылықтарын дәріптеудің қоғам үшін маңызы зор екенін атап өтті.

Қайыржан Ермекұлы өз сөзінде Мемлекет басшысының «Әрбір адам үшін ұшқан ұясының орны бөлек. Өскелең ұрпақтың отбасында тәлім-тәрбие алып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруі өте маңызды» деген сөзін тілге тиек етіп, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының өскелең ұрпақты тәрбиелеуде және отбасылық құндылықтарды нығайтуда маңызы ерекше екендігіне тоқталды.

Конкурс қорытындысында үздік танылған отбасылар облыс әкімінің атынан марапатталып, республикалық кезеңге жолдама алды.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар