Мереке қарсаңында пойыз бен ұшақ билеттері қымбаттай ма? Министрлік түсініктеме берді

Қаракөз Амантай 25 қар. 2025 14:49

Қазақстанда алдағы мерекелер кезінде әуе және теміржол билеттерінің құны өзгермейді. Бұл туралы Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Үкімет кулуарында айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қалиақпаровтың сөзінше, жаңа жылдық сұраныстың артуына қарамастан, тасымалдаушылар тарифті көтеруді жоспарлап отырған жоқ.

"Билет бағасын қымбаттату қарастырылмаған. Көпшілік сапарын ертерек жоспарлап, билеттерін алдын ала сатып алады. Сондықтан олар үшін қолжетімді баға сақталады", – деді ол.

Вице-министр мерекелік кезеңдегі жолаушылар ағымын ескеріп, қосымша рейстердің дайындалғанын жеткізді.

Оның айтуынша, авиакомпаниялар қосымша әуе кемелерін бөлген. Рейс саны көбейеді. Сондай-ақ Алматы, Шымкент, Тараз бағыттарына сұраныс жоғары. 

Теміржол саласында да дәл осындай шаралар қабылдануда.

"Пойыздар саны артады. Бұған қоса, бар маршруттарға қосымша вагондар тіркеп, жолаушы орындары кеңейтіледі", – деді ведомство өкілі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар