Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қазақстанда мереке күндері ауа райы құбылмалы болады. Көп өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ жауып, жел күшеюі ықтимал.
7-9 мамыр аралығында батыс аймақтарда, 8-9 мамырда солтүстік өңірлерде нөсер жауын жауады. Оңтүстікте өткінші жаңбыр жауады. Шығыс аймақтарда 9 мамырдан бастап жауын-шашын күшейіп, найзағай ойнайды.
Батыста күндіз ауа температурасы +18…+28 градус шамасында болады. Солтүстікте +18…+23 градусқа дейін төмендейді. Орталық өңірлерде +20…+28 градус болады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +28…+33 градусқа дейін жылынады. Ал шығыста күндізгі ауа температурасы +25…+30 градусқа дейін жетеді.