Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Атом электр станциясы туралы пікірін жариялаған БАҚ өкілдерінен кешірім талап етті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі Дәурен Абаев Атам электр станциясын салуға қатысты референдум биыл жыл соңында өтуі мүмкін деген еді.
Azattyq Ruhy тілшісі бүгін үкімет кулуарында Энергетика министрі Сәтқалиевтен осы мәлімдемеге қатысты қосымша ақпарат сұрады. Бірақ, Сәтқалиев бұл мәлімдемеге қатысты дерек жоқ екенін айтты. Есесіне, атом электр станциясын салу туралы айтқан сөздерін жазған журналистерден кешірім талап етті.
"Бұқаралық ақпарат құралдарында "Сәтқалиев референдум өткізуге негіз жоқ деп айтты" деген материалдар шықты. Менің ойымша, бұл басылым менен ресми түрде кешірім сұрауы тиіс. Өйткені, мен "заңға сәйкес, қажеттілігі жоқ деп санаймын" дегенмін.
Бірақ халықтың мәлімдемесіне, мемлекет басшысының тікелей тапсырмасына сәйкес саяси шешім қабылданған соң, біз референдуммен айналысамыз. Сондықтан, менің ойымша, журнал редакциясы мен журналдың меншік иесі менен кешірім сұрауы тиіс", - дейді Сәтқалиев.