Мен ғашықпын, махаббатты енді ұқтым...

Dalanews 07 жел. 2016 10:16 1140

Мен ғашықпын


Мен ғашықпын, шын ғашықпын өзіңе,


Туындайды жылы сезім өзімде.


Сезімменен ойым бір дем іздеймін,


Бұл сырымды айта алмаспын ешкімге.


Жылы сезім от боп жанды жалындап,


Қайдан табам орын сөзді ой толғап?


Жүрегімнің дүрсілдеген лебізін,


Бір бақыттың белесі деп білемін.


Мен ғашықпын, махаббатты енді ұқтым,


Сыр мен ыстық сезім демін сезбеппін.


Өне бойы жол іздеген тұлпардай,


Алдымдағы өшпес белес деп келемін.


Қателіктен көз алмадым, қараймын,


Артқа қарап ойланып бір қаламын.


Жүрегімнің дүрсілдеген сезімін,


Бір өзіңе, тек өзіңе арнаймын!


thumb


 


Аралым


Тартылды көлім ойда қалдың Аралым,


Тарайды қаным жүректе қайғы мен мұң.


Аққу қайда көліңде қалықтаған?


Құр тартылған орын қалды артыңнан.


Табиғаттың жігер күші соншалық,


Күйдіреді қармап өтіп шырматып.


Ұлы қазақ даласында не болмады,


Сұмдық әсер жанға батып барады.


Кереметтің бірі едің Аралым,


Өзіңе біткен тылсым күштен жаралдың.


Төмен ағып тартылып жер жұтылып,


Табиғаттың аясынан айырылдың.


Арал өлке құр қаңырап бос қалды,


Тарих беті біледі оны, жаттанды.


Жадымызда Арал деген көл бар деп,


Ешқашан да ұмытпайық біз оны!


 aral


 


Анам менің


Анам менің сенсің мені аялаған, қорғаған


Ыстықтан да, суықтан да қанатыңа паналатқан.


Жолдан таймай өсірдің міне сенің өз үлгің,


Рахмет айтып саған сәлем беремін.


Анам менің сенсің маған күш берген,


Әрқашанда жүрегіңмен елжірете тербеткен.


Сағынышта сырылдата өміріме сыр беріп,


Алыс жүрсем қарлығаштай ұшып келіп күй шерткен.


Анам менің сенсің маған ардақты


Тек өзіңсің өміріме жан жақты.


Ерте кезде мен үшін сен көз ілмей,


Жеткізгенсің осы күнге сен анам.


Анам менің өмірімнің таңы сен.


Қол жетпейтін биіктердін шыңы сен.


Жұлдыз ақсын аспандатып тек саған,


Сол шуақпен тарата бер нұр маған.


Анам менің қасымда сен жүре бер,


Соныңменен қуат алып жүрем мен.


Күлкіңнен де, жүзіңнен де қуанышта боламын


Нұр боп жауған сезімдерді осылайша толғаймын!


hicz-g0geyw 


Қыз сыны


Қазақ қызы атына сай инабатты,


Жүрген жүріс-тұрысы әрі салмақты.


Көзін ашқан күнінен сәлем беріп иілген,


Білемісін қазақ қызын ал кәне?


Ұзын шашты, бұралған нәзік белді,


Сылдырлаған шолпысы асқан белді.


Кіші пейіл үлкендерге иілгіш,


Болу керек осындай қазақ қызы.


Сүйген жанын жүрегіне қармап алған,


Күлімдеген көзімен аялаған,


Тәтті балдай сөзімен уландырып,


Жүрегіне сүйгенін бағындырған.


Отырғызды көрпе төсеп, қазақ қызын төріне,


Қазақ қызын қонақсын деп аялады күнінде.


Салт санасы ұмытылмай өшпегендей,


Жетті міне бізге де мирас қалған.


kiz



Динара БАТЫРОВА, ақын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар