"Мен бүгін шын жыладым". Белгілі журналист неге жылады?

Dalanews 29 қаз. 2017 09:34 745

Мен бүгін шын жыладым... Көптен бері бұлай көңілім босамап еді... "I'm singer" жобасына Қайрат Түнтеков жарқ етіп шыға келмесі бар ма?



Күн жоқта ғана ғой жұлдыздың кісімситіні... Қайрат шығып еді, басқа ешкім көрінбей қалды. Шын айтам. Құдай-ау Қайратты саxнадан көрмегелі қай заман?!.. Сонау биікке самғап бара жатқан қыранды атып түсірсе, тірі қалғанымен, шалажансар күй кешпей ме?

Байғұс Қайрат тура сол қыран секілді... Шырқау биіктен шыңырауға бірақ құлады ғой... Депрессияға түсіп кеткені сонша, жындыxананың есігін де көрген секілді... Сондағысы болмашы көлік апаты... 40 күнге қамап, мойнына 60 мың доллар іліп, ең бастысы абыройдан айырылатындай не жазды?
Оның зорын істеп жатқан Үсенов сияқтылар жүр ғой мысалы тайраңдап.

Кім де болса Қайратқа сұмдық қиянат жасады. Бұлбұлды байлап тастап, қарғаларды мың жерден қарқылдаса да, бәрібір бір бұлбұлға татымайды ғой ешбірі?  Мейлі, саxнаны қоя берші, бүкіл тағдырына балта шабылды ғой, байғұстың!
Білуімше, әлі күнге үйленген жоқ. Оның қасында күні кеше шыққан әншілер екі ән жазып, жеке концерт беріп, тіпті екінші рет үйлену тойын жасап жатқан жоқ па?

Осының бәрін ойлап, ебіл-дебіл жылап отырып көрдім бұл бағдарламаны. "Мен сіздерді қатты сағындым" деп қояды, жаным-ау өзі сондай сүп-сүйкімді... Қалай ғана қиянатқа қияды екен мұндай талантты? "Шын талантты қолдау керек, ал талантсыздар өздері-ақ шығады" деген рас қой...

Mариям Абсаттар

 

 

 

https://dalanews.kz/25609

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар