Қызылордада медицина саласында заңсыз аударылған қаржы кері қайтарылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қызылорда облысының прокуратурасы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ облыстық филиалында қор қаражаты қаншалық заңды игерілгеніне талдау жүргізген.
Талдау барысында мемлекеттік медициналық ұйымдар жеке медициналық ұйымдарға, яғни бірлесіп орындаушыларға шартта белгіленген сомадан артық төлем жасағаны анықталған.
"Жаңақорған орталық аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК ЖШС-ға 2023 жылы 33,1 млн теңге, 2024 жылы 6,6 млн теңге, ал "Арал орталық аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК-ға 2023 жылы 13,8 млн теңге, 2024 жылы 18,6 млн теңге артық қаражат аударылған. Осылайша, бірлесіп орындаушыға жалпы 73 млн теңге негізсіз төлем жасалған", - деп жазылған хабарламада.
Прокуратураның ұсынысы негізінде заңбұзушылықтар жойылып, жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Сот шешімімен 73 млн теңге толық көлемде өндірілді.