Мемлекеттік кеңесші ел ішінде кең тараған жаңсақ пікір туралы айтты

Сағыныш Сардарова 05 мау. 2024 15:58 3640

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин "Бірлік пен даму: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бағдарының басты негіздері" атты мақаласында билік пен қоғам арасында тұрақты түрде диалог жүргізілуі қаншалық маңызды екеніне тоқталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мемлекеттік кеңесші "ел бірлігін, татулық пен бейбіт­шілікті, этносаралық және дінара­лық келісімді сақтау арқылы тұрақ­тылықты қамтамасыз ету мем­ле­кеттің ішкі саясатындағы негізгі басымдық болып қала беретінін" мәлімдеді.

"Осы са­­ладағы жұмыс халықты ортақ мақ­­сатқа ұйыстыру және ішкі саяси тұрақ­тылықты қамтамасыз ету үшін үнемі тың әдіс-тәсілдер, тетіктер мен фор­малар ойластыруды талап етеді.

"Ішкі саясат – саяси техноло­гия­лардың жиынтығы әрі жалаң үгіт-насихат" деген түсінік ел ішінде кең таралған. Бұл – шындыққа еш жанас­пайтын жаңсақ пікір. Мұның бәрі – саясаттың қосалқы құралы ғана. Ешқандай саяси технология халыққа етене жақындық пен ел-жұртпен қоян-қолтық жұмыстың орнын толтыра алмайды. Ішкі саясат дегеніміз – ең алдымен, халықпен тікелей жұмыс істеу деген сөз, яғни адамдармен ашық әңгімелесіп, тұрақты диалог орнату қажет. Сонымен бірге, ысқырығы жер жаратын бәзбіреулерді көпшіліктің сөзін сөйлеп жүрген адам деп түсіну әбестік. Мұндай қателікке ұрынуға жол жоқ. Сондықтан диалогтің сын­­дарлы, мазмұнды әрі мағыналы болғаны жөн.

Ендеше, қазіргі таңда мемлекеттік аппарат үшін барлық әлеуметтік топтармен және азаматтық қоғам өкілдерімен тікелей қарым-қатынаста болу – ең маңызды мәселенің бірі", - деді Ерлан Қарин.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар