Мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен Жамбылда ауыл тұрғындары ауыз сумен қамтамасыз етілді

Ақтоты Жапатова 25 жел. 2025 09:56

Жамбыл облысының Жалғызтөбе ауылдық округінде прокуратура органдарымен мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен салынған су құбыры желілері мен су жинау құрылыстары пайдалануға берілді, деп хабарлайды Dalanews.kz 

Жоба аясында Төрткөл ауылының 274 тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді.

Атап өту қажет, аталған өңірде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында құрылыс жұмыстары 20 жылдан астам уақыт бойы жүргізілмеген.

Қазіргі таңда облыста денсаулық сақтау және сумен жабдықтау салаларында 19 әлеуметтік жоба іске асырылуда.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар