Freedom Inside '26

Мемлекет “KazSat-3”-ті сақтандыруға 750 миллион теңге бөлмек

Мемлекет “KazSat-3”-ті сақтандыруға 750 миллион теңге бөлмек
Фото: Письма Президенту

“Республикалық ғарыштық байланыс орталығы” акционерлік қоғамы орбитадағы “KazSat-3” жерсерігін сақтандыруға бюджеттен 750 миллион теңге жұмсауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл ақпаратты “Письма Президенту” телеграм арнасы таратты.

“Халық қаржысына сақтықпен қарау керек деген ұстаным мұнда жүрмейтін сияқты. Ертең бұл тендерді аяқ астынан “Халық” сақтандыру компаниясы жеңіп алса, ал делдал сақтандыру агенті сақтандыру сомасының 70 пайызын “сыйақы” ретінде иемденсе – таңғалмаңыз”, — дейді дереккөз.