Салатанатты рәсімге Қазақстан Республикасы Көлік министрінің орынбасары Талғат Ластаев, SCAT әуе компаниясының президенті Владимир Денисов, Сербия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Владимир Йовчич және Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежай басқарма төрағасының бірінші орынбасары Руслан Пыштанов қатысты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Тікелей қатынасты іске қосу туралы келісімге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сербияға сапары кезінде қол жеткізілді. Жоба Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және Сербиядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен мүмкін болды.
Белградқа келгеннен кейін қазақстандық делегацияны Сербия Президенті Александр Вучичтің тапсырмасымен Сербия Ұлттық жиналысының спикері Ана Брнабич және Көлік министрінің орынбасары Верика Ечменица қарсы алды.

"Астана мен Белград арасындағы тікелей рейстердің ашылуы Қазақстан мен Сербия арасындағы байланысты нығайтудағы маңызды қадам болып табылады. Жаңа бағыт біздің халықтарымыз арасындағы бизнес, туризм жәнемәдени ынтымақтастық үшін жаңа ашады", – деп атап өтті Талғат Ластаев өз сөзінде.
Қазақстан мен Сербия арасында визасыз режим бар. Ұшу ұзақтығы - 5 сағат 40 минут. Бұл бағыт бойынша жолаушыларға жоғары сұраныс күтілуде– алғашқы рейсте 92 жолаушы болды.

Астана-Белград-Астана рейстері аптасына екі рет (дүйсенбі және бейсенбі) заманауи Boeing 737 ұшақтарымен орындалады.
SCAT Airlines қазіргі уақытта еуропалық қалаларға да рейстер орындайды:
Астана - Прага – аптасына екі рет (сейсенбіжәне сенбі);
Шымкент - Будапешт – аптасына екі рет(сейсенбі және бейсенбі);
Шымкент - Мюнхен – аптасына екі рет (сейсенбі және бейсенбі).
