Мемлекет басшысы Владимир Путинді құттықтады

Мемлекет басшысы Владимир Путинді құттықтады
akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 12 маусымда Ресей Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Dalanews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді осы елдің мемлекеттік мерекесі – Ресей күнімен құттықтады.

"Елдеріміздің арасындағы достық және тату көршілік қатынастардың деңгейі жоғары. Бұл стратегиялық серіктестік және одақтастық рухына толықтай сай келеді", делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің елінің өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.