Мектептерде сабақ уақыты қысқара ма? - Бейсембаев жауап берді

Мектептерде сабақ уақыты қысқара ма? - Бейсембаев жауап берді
Фото: видеодан скриншот

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев уақыт белдеуі ауысуына байланысты сабақ сағаттары қысқартылған мектептерде жазда оқу жалғасуы мүмкін екенін жеткізді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның сөзінше, оқушылардың мектептен қараңғыда қайтуы өзекті мәселе емес. Сондықтан сабақты қысқарту не қысқартпауды әр мектеп өзі қабылдайтынын еске салды.

"Ереже бар, соған сәйкес бір сабақтың нақты уақыты көрсетілген. Әр мектеп сол уақытты сақтауға міндетті. Бізде осыған ұқсас жағдай 2020 жылғы пандемия кезінде болған, ол кезде сабақ 40 минуттан болды. Сонан соң 2021-2022 жылдары жазғы мектептер ұйымдастырылды", - деді Ғани Бейсембаев.

Министрдің пікірінше, еліміздің шығысында үш ауысымды мектептерге сабақ уақытын қысқарту туралы ұсыныс берілген.