«Мектепке жол»: Солтүстік Қазақстанда 6 мыңнан астам оқушы жәрдемақы алды

Ақтоты Жапатова 22 там. 2025 13:43

Солтүстік Қазақстан облысында аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға жаңа оқу жылы қарсаңында көмек көрсетіліп жатыр,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Дәстүрлі «Мектепке жол» акциясының басты мақсаты — әлеуметтік себептерге байланысты баланың мектепке бармай қалуына жол бермей, материалдық қолдау көрсету. СҚО Білім басқармасының мәліметінше, биыл облыс бойынша 8706 оқушы бір реттік жәрдемақы алуға үміткер ретінде тіркелген. Бұл мақсатқа 402,5 млн теңге жоспарланды.

— Қазіргі таңда 6136 оқушыға жалпы сомасы 283,6 млн теңге мөлшерінде көмек көрсетілді. Қаржылай көмек «Жалпы білім» қоры арқылы жүзеге асырылады және ата-аналардың арнайы шоттарына аударылады. Ол үшін растайтын құжаттарды ұсынуы қажет. Биыл бірреттік жәрдемақы мөлшері 46 228 теңге, — деді білім басқармасының өкілдері.

Мамандардың айтуынша, акция аясында демеушілер де қолдау білдірген. Бүгінгі күнге дейін 893 балаға 1,1 млн теңге мөлшерінде көмек көрсетілді. Бұл қаражатқа мектеп формасы, аяқ киім және оқу құралдары секілді қажетті заттар алынды. Акция әлі де жалғасады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар