Медеудің көрікті жерлерін әлдекімдер иеленіп алған

Қаракөз Амантай 17 мам. 2024 15:52 2503

Алматы қаласының прокурорлары "Медеу" табиғи паркінің жерлерін қайтарды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматы прокуратурасы хабарлағандай, 2020 жылы табиғи парк аумағында жеке тұлғалар ауданы 35 га 10 жер учаскесіне меншік құқығын тіркеген.

"Бұған Горнооктябрь ауыл әкiмшiлiгiнiң 1994-1997 жылдардағы жер учаскелерiн бөлу туралы шешiмдерiнiң бар екендігі жөнінде мұрағаттық анықтамалар негiз болды. Мұрағаттық анықтама құқық белгілейтін құжат болып табылмайтынына қарамастан, тіркеуші орган меншік құқығын заңсыз тіркеген. Алматы қаласының прокуратурасы аталған анықтамаларды және жер телімдерін иеліктен шығару жөніндегі кейінгі мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сотқа жүгінген", - деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі.

Сот прокурордың талап-арыздары қанағаттандырып, "Медеу" табиғи паркіне кадастрлық құны 3 млрд. теңге сомасындағы жер телімдерін қайтарған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар