“Майқайың-алтын” кенішінде опырылған шахта астында қалған құтқарушылардың бірінің әйелі билікке жүгініп, басқа елдерден техникалық көмек сұрауды талап етті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Хабар-ошарсыз кеткен құтқарушы Айдос Шаймерденнің әйелі Нұрсұлу Шаймерден мемлекет басшысына ашық видео үндеу жолдады.
“18 күннен бері Айдостан хабар жоқ. Екеуміздің бес кішкентай баламыз бар. Олар күнде әкесін күтеді. Бірақ облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Жасұлан Жұмашев пен Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың жетекшілігімен жүргізілген іздестіру жұмыстары еш нәтиже бермеді. Неге басқа елдерден техникалық көмек сұрамасқа? Маған дәл қазір тергеу шаралары қажет емес. Маған азаматым, үйдің отағасы, балаларымның әкесі керек”, – дейді әйел.
https://www.instagram.com/reel/C2XGNfkIB0s/?igsh=bGV2OXczdTJ0dDls
Естеріңізге сала кетейік, 4 қаңтарда Павлодар облысында “Майқайың-алтын” кенішінде АҚ аумағында төрт жолаушы мінген автобус шұңқыр түбіне түсіп кеткен болатын. Құтқарушылар бұған дейін екі адамның денесін тапты. Алайда басқа жұмысшылар туралы әлі ақпарат жоқ.