Маусым айында кейбір азық-түлік бағалары тағы қымбаттады

Кәмшат Тілеухан 02 шіл. 2025 09:28

2025 жылғы маусымда тұтыну бағаларының айлық индексі сәл бәсеңдеп, 0,8% құрады (өткен ай - мамырда 0,9% болған), деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, азық-түлік тауарларының ішінде баға қиярға – 19,5%, қырыққабатқа – 18,1%, қызанаққа – 15%, сарымсаққа – 8,4%, бананға - 3,4%, жұмыртқаға 3% төмендеген. Осы орайда балмұздақ бағасы 1,9% өскен, йогурт – 1,6%, жаңғақ – 1,5%, рулет пен кекстерге – 1,3%, кондитерлік өнімдер мен салқындатылған сусындар – 1%-дан, сарделька бағасы 0,9% қымбаттаған.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде маусым айында тұрмыстық заттардан электрлі ет тартқыш бағасы 2,5%, үтіктікі 1% өскен.

Тарифтер арасынан ыстық су 6,2% төмендеді. Қызмет көрсету секторында баға фотограф қызметіне 3,3% өскен, салтанатты шаралар өткізетін ұйымдастырушыларда – 2,8%, теледидар жөндеу – 2,4%, тұрғын-үй, жайларды жөндеу және қызмет көрсету – 1,4%, шаштараздар мен сұлулық салондары қызметтері 1,3% жоғарылаған.

2025 жылғы маусымда жылдық мәнде инфляция деңгейі 11,8% құрады.

Жылдық мәнде мына азық-түліктер былайша қымбаттады:
  • алмұрт – 11,3%,
  • консервіленген жүгері – 10,8%,
  • жеміс және көкөніс шырындары - 10,4%,
  • блендер - 7,8%,
  • кабельдік телевизия қызметтері - 2,2%.

Арзандағандары: қарақұмық жармасы – 9%, күріш – 8,3%, қияр – 3,5%, сұлы жармасы – 2,5%, кептірілген өрік 2,3% арзандады.

"2025 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі –  40,0%, азық-түлік емес тауарлар – 30,3%, ақылы қызметтер 29,7% құрады", делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар