Ұлттық Банк 2025 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша несиеге қатысты мәліметтермен бөлісті. Елімізде алынған несиенің жалпы көлемі 38,8 трлн теңге немесе ЖІӨ-нің 28,0%-ын құрады. Маусым несие үшін белсенді тағы бір ай болды, әлсіз теңге мен екпін алған инфляция аясында экономикалық агенттер қарызға көптеп ақша алып қалуға тырысып, жанталасты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ұлттық Банк дерегінше, маусым айындағы маңызды факторлар:
- соңғы бір айда экономикадағы кредиттердің өсімі 2,2%-ға қарқын алды;
- маусым айында бизнеске берілген несие өсімі (оның ішінде +0,9% ҚДБ кредиттері) +2,4% құрады;
- халыққа берілген кредиттер өсімі: +2,1%
- несие портфелінің бір айдағы өсімі: + 841,2 млрд теңге.
Бизнес несиелері: Қазақстанның Даму банкінің портфелі 23,2 млрд теңгеге (+0,9% м/м) өсіп, ол бизнеске берілген барлық кредиттердің 15,6%-ын қамтыды. Орташа өсімге қарамастан, ҚДБ арқылы инфрақұрылымнан өнеркәсіпке дейінгі жүйелі және капиталды қажет ететін жобалар қаржыландырылады.
- Шағын бизнес жанданып келеді: +235,0 млрд теңге (+3,5% м/м), бұл - барлық сегменттер арасында үздік нәтиже;
- Ірі бизнес: +117,1 млрд теңге (+1,7% м / м);
- Орта бизнес: +27,6 млрд теңге (+1,1% м/м).
Бөлшек несие көлемі бір айда 2,1% -ға артты:
- тұтынушылық несиелер: +386,2 млрд теңге (+2,6% м / м);
- ипотека: +80,6 млрд теңге (+1,3% м / м);
- басқа мақсаттарға арналған несиелер теріс мәнде: -5,4 млрд теңге (-0,6% м/м).
"Маусым, әсіресе шілде айында теңгенің құнсыздануы (1 АҚШ доллары 544,95 теңгеге дейін) инфляциялық күтулерді күшейтті. Бұл бизнес үшін, әсіресе ұлттық валютада қарыз алып қалу керектігі туралы белгі болса, халық үшін ірі сатып алуларды кейінге қалдырмай, жағдай әлі нашарламай тұрғанда қарызға болсын, оны сатып алу қажеттігін танытты. Экономика өсімі бірінші жартыжылдықта 6,2% болып, қарыз алушыларға сенімділік тудырды. Бірақ бұл ретте мынандай тәуекелдер әлі де жинақталуда: егер кредиттік өсім жоғары инфляция мен девальвациялқ күтулер аясында жалғаса берсе, Ұлттық Банк саясатты қатаңдатуы мүмкін. Сол кезде ортфельдің тұрақтылығы несие беру қарқынына емес, оның сапасына байланысты болады", - дейді Руслан Сұлтанов.
Бұған дейін сайтымызда "Қазір ипотекалық несие рәсімдейтін уақыт емес, екі жыл күтіңіз - танымал қаржыгер" деген мақала жарияланған болатын.