Батыс Қазақстан облысының бір ауылында 6 жасар қызға қатысты зорлық оқиғасы ауданаралық арнайы сот қарауына жіберілді, деп хабарлайды Dalanews.kz «Мой город» сайтына сілтеме жасап.
Осы жылдың 22 тамызында әйел қызының жоғалып кеткені туралы аудандық полиция бөліміне өтінішпен жүгінді. Өтініш берушінің айтуынша, бала танысымен бірге дүкенге барып қайта оралмады.
«Дереу жедел іздестіру шаралары ұйымдастырылды, іздеуге полицияның барлық бөлімшелері тартылды. 23 тамызда 32 жастағы күдікті ұсталды. Ол баланың орналасқан жерін көрсетті. Қыз тірі күйінде ауыл шетінен табылды», – деп түсіндірді ведомство.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Кейін БҚО прокуратурасының кеңейтілген коллегия отырысында қыз зорлыққа ұшырағаны белгілі болды.
БҚО ПД қазіргі уақытта тергеу аяқталғанын және қылмыстық іс ауданаралық арнайы сотта қаралып жатқанын хабарлады.
