Freedom Inside '26

Мәулен Әшімбаев «Нұр Отанға» келіп, Мұхтар Құл-Мұхаммед Сенатқа депутат болып кетті

Мәулен Әшімбаев «Нұр Отанға» келіп, Мұхтар Құл-Мұхаммед Сенатқа депутат болып кетті
ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Мұхтар Құл-Мұхаммед Сенат депутаты болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

– Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды,  – делінген хабарламада.

Ал "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне Мәулен Әшімбаев келді.