Мәскеудегі терактқа Украинаның қатысы бар дегенге Путиннің айналасындағылар да сенбейді

Көркем Алдабергенова 27 нау. 2024 11:57 3409

Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путиннің айналасындағы кейбір адамдар Крокус сити холлдағы терактке Украинаның қатысы жоқ деп санайды, - деп хабарлайды Dalanews.kz Bloomberg-ке сілтеп.

Бұл туралы Кремльмен тікелей байланысты төрт адам айтқан. Олардың айтуынша, Путин терактке Украинаның қатысы бар деп айтқанымен бұған қатысты ешқандай дәлел жоқ көрінеді. Бұл мәлімдемені Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев пен ФСБ басшысы Александр Бортников та айтқан.

Bloomberg сұхбат алған адамдардың бірі (аты-жөнін атамауды өтінген) шенеуніктер теракттің Киевпен ешқандай байланысы жоқ деп келіскен талқылауларға Путин де қатысқанын айтты. Бірақ бұған қарамастан Путин терактті ресейліктерді Украинадағы соғысқа қарсы қою үшін пайдалануға бел байлап отыр деп санайды.

Тағы біреуінің айтуынша, Кремль шенеуніктері қауіпсіздік қызметі концерт залына қарулы шабуылдың алдын ала алмағанына таңғалған. 

Айта кетейік, 23 наурызға қараған кеште Мәскеудегі "Крокус Сити Холл" концерт залында теракт болды. Қаруланған бірнеше адам концерт залына басып кіріп, ішінде жүрген адамдарға оқ жаудыра бастаған. Сол күні ғимаратта 6200-ге жуық адам болған. Соңғы мәліметтер бойынша, 133 адам қаза тауып, тағы 140 адам жараланған.

Теракт болған күні-ақ оған Украинаның қатысы бар деген әңгімелер тарады. Бұл ақпаратқа қатысты Украина мәлімдеме жасады. 

Украина президенті Владимир Зеленскийдің кеңсе жетекшісінің кеңесшісі Михаил Подоляк "Крокус сити холлдағы" терактке Украинаның қатысы жоғын айтты. 

"Нақтысын айтайын. Украинаның бұл жайттарға ешқандай қатысы жоқ", - дейді Подоляк. 

Бұл туралы "Страна.ua" басылымы және "Украина Сейчас" телергам арнасы хабарлады. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар