Мәскеудегі терактіден қаза болғандар саны 143-ке жетті, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі теракттен қаза болғандардың жаңа тізімін шығарды. Тізімде 143 адам туралы ақпарат шыққан.Бұған дейін тізімде 140 адам болған. Зардап шеккен үш адам қаза тапқан.
Министрлік мәліметінше, сайттағы тізім «сот-медицина тексеріс деректеріне қарай жаңарады».
Еске салайық, 22 наурыз күні Мәскеудегі "Крокус Сити Холл" концерт залында теракт болды. Қаруланған бірнеше адам концерт залына басып кіріп, ішінде жүрген адамдарға оқ жаудыра бастаған. Сол күні ғимаратта 6200-ге жуық адам болған.