Алматы облысында полиция қызметкерлері жол ережесін өрескел бұзып, басқа жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндірген кортеждің тағы бір қатысушысын анықтап, жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды dalanews.kz.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Алматы қаласының 22 жастағы тұрғыны Шымкент қаласында жүргені анықталған. Сот шешімімен ол 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.
"Ол негізгі көліктің соңынан бірінші болып жеткен жүргізушіге 600 АҚШ доллары көлемінде сыйақы ұсынған. Кейін кортеж қатысушылары жолдарда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, азаматтарға қауіп төндірген", - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін полиция қызметкерлері осы дерек бойынша кортеждің басқа да қатысушыларын анықтап, оларды жауапкершілікке тартқан еді.