Мәскеудегі теракт: Құрбандар саны тағы артты

Қаракөз Амантай 29 нау. 2024 14:24 2050

Ресей Федерациясының денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко Крокус Сити Холлдағы лаңкестік шабуыл салдарынан зардап шеккендер саны артқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Крокус Сити Холлдағы теракт құрбандарының саны 551 адамға жетті", - деді министр өзінің Telegram арнасында.

Олардың көпшілігіне амбулаторлық көмек көрсетілген. 

Еске салайық, 22 наурызда кешкі уақытта Мәскеудегі "Крокус сити холл" концерт залында теракт болған еді. Қару асынған бірнеше адам қарапайым тұрғындарға оқ жаудырған.

Осы тұста, теракт ұйымдастырды деген күдікпен бірнеше азамат ұсталды.

Бұған дейін Ресейдің Тергеу комитеті террористердің болжамды үш сыбайласын тұтқындауды сұраған болатын. Оларға қатысты іс материалдары Басман сотына түсті.

Mash арнасы олардың есімдерін жария етті.

"Олар - Аминчон, Диловар және Исроил Исломовтар (әкесі мен екі ағайынды). Олар террористерге көмек, байланыс, логистика ұйымдастырды деген күдікке ілінді", - деп жазылған арна мәліметінде.

Сонымен қатар бұл қатарда Қырғызстан азаматы  Әлішер Касимов та бар.

"Басманный аудандық соты РФ Қылмыстық кодексінің 205-бабы 3-бөлігінің "б" тармағында көзделген қылмысты жасады деп айыпталған Қырғыз Республикасының тумасы Алишер Хатамович Касимовқа қатысты бұлтартпау шарасын таңдады ( Тергеушінің А.Х. Касимовқа қатысты бір ай 27 тәулікке, яғни 2024 жылдың 22 мамырына дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішін сот қанағаттандырды", - делінген хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар