Мәскеудегі теракт: Күдікті ретінде Қырғызстан тумасы ұсталды

Қаракөз Амантай 26 нау. 2024 16:11 10590

Крокус Сити Холл ғимаратында теракт ұйымдастырды деген күдікпен Қырғызстан тумасы ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мәскеудің Басманный аудандық соты Әлішер Касимовқа қатысты бұлтартпау шарасын қарастырды.

"Басманный аудандық соты РФ Қылмыстық кодексінің 205-бабы 3-бөлігінің "б" тармағында көзделген қылмысты жасады деп айыпталған Қырғыз Республикасының тумасы Алишер Хатамович Касимовқа қатысты бұлтартпау шарасын таңдады ( Тергеушінің А.Х. Касимовқа қатысты бір ай 27 тәулікке, яғни 2024 жылдың 22 мамырына дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішін сот қанағаттандырды", - делінген хабарламада.

Тергеу мәліметтері бойынша, ол ұсталған күдіктілерге пәтерді жалға берген. Ал Қасымов өзі пәтер өткізетін “Авито” қызметі арқылы ғана олармен байланыста болғанын жеткізді. 

Еске салайық, бұған дейін Ресейдің Тергеу комитеті террористердің болжамды үш сыбайласын тұтқындауды сұраған болатын. Осылайша оларға қатысты іс материалдары Басман сотына түсті.

Mash арнасы олардың есімдерін жария етті.

"Олар - Аминчон, Диловар және Исроил Исломовтар (әкесі мен екі ағайынды). Олар террористерге көмек, байланыс, логистика ұйымдастырды деген күдікке ілінді", - деп жазылған арна мәліметінде.

Кейінірек олар Басман сотына жеткізілді.

Деректерге сүйенсек, Диловар Исломов 1 ай 29 күнге қамауға алынды. Ол 22 мамырға дейін тергеу изоляторында болады.

"Террористердің бірі Шамсидин Фаридуни 2024 жылы наурыздың басында Аминчон мен Диловар Исломовтарды шабуыл ұйымдастыруға тартқан.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар