Мас күйінде көлік жүргізген полицей ерлі-зайыптының өліміне себепкер болды

Қаракөз Амантай 26 шіл. 2024 11:22 2708

Ақтөбе облысында полиция қызметкері мас күйінде көлік тізгіндеп, екі адамды қағып өлтірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.  

"Ақтөбе облысында полицей ерлі-зайыптыны өлтірді", - делінген жұма күні тараған хабарламада.

Алғашында әлеуметтік желіде Ақтөбе облысында полиция қызметкері адам өлімімен аяқталған жол апатына себеп болды деген ақпарат пайда болды.

"Алдын ала мәлімет бойынша, 34 жастағы полицей мас күйінде Kia көлігінің тізгініне отырып, рульге ие бола алмай, 25 және 26 жастағы ерлі-зайыптыны қағып кеткен. Айтуларынша, әуелі тәртіп сақшысы оқиға орнынан қашып кетпек болған, бірақ кейіннен бас тартқан", - делінген хабарламада.

Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі қайғылы оқиғаға полиция қызметкерінің қатысы барын растады.

"ЖКО дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп, жүргізуші қамауға алынды. Қызметтік тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша жеті жауапты қызметкер, оның ішінде тікелей басшылар атқаратын лауазымдарынан босатылды", - деп хабарлады полиция.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар