Мария Шарапова допинг-тестен өтпегенін мойындады

Dalanews 08 нау. 2016 21:36 784



Ресей теннисшісі Мария Шарапова Аустралия-2016 Ашық чемпионатында допинг- бақылаудан өтпегенін хабарлады.




Лос-Анджелесте баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде Шарапова денсаулығына байланысты он жылдан бері 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап тыйым салынған мельдоний дәрісін ішіп келгенін мойындады. "Мен толық жауапкершілікті мойныма аламын. Мен үлкен қателік жасадым. Мен мансабымды бұлайша аяқтағым келмейді, маған теннисте қалуға тағы бір мүмкіндік береді деген үміттемін", - деді Шарапова.


Үлкен шлем турнирінің бес дүркін жеңімпазы, 28 жастағы тенисші өзін қандай жаза күтіп тұрғанын әлі білмейді.

Алдын дүйсенбі күні мәлім болғандай, тағы бір ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Екатерина Боброва мен оның бидегі жұбы Дмитрий Соловьев мельдоний препаратын қолданғаны үшін АҚШ-тағы әлем чемпионатына қатысу құқықтарынан айырылды.

Тыйым салынған препарат осымен бірнеше ресейлік спортшылардан анықталған. Оның ішінде волейболист Александр Маркин мен конькиші Павел Кулижников бар. Мельдоний метаболизм гормоны мен модуляторына жатады. Оны әдетте физикалық және психикалық нерв жүйелерінің тұрақтылығы үшін ішеді.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар