Қазақстан Германияда 2024 жылы мәйіті табылған бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваға қатысты қылмыстық істі Ресейге бермек, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевтің айтуынша, марқұмды азаптау фактісі бойынша қозғалған іс Ресей аумағында тергеледі.
Күдіктілер – Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі Александр Донцов және оның анасы. Тергеу дерегінше, екеуі де қазір Мәскеуде.
Олардың азаматтығы расталғаннан кейін, іс мемлекетаралық келісімдер аясында Ресей тарапының өндірісіне беріледі. Ресей құқық қорғау органдары күдіктілерді жауапкершілікке тарту мәселесін қарайды.
