Маркетплейстерде құжаты расталмаған 200 млрд теңгенің тауары сатылған

Маркетплейстерде құжаты расталмаған 200 млрд теңгенің тауары сатылған
Фото: e-cis.info

Қазақстанда салық талаптарын орындамаған сатушылардың маркетплейстердегі саудасын уақытша тоқтату ұсынылды. Тиісті түзетулер "Ашық НҚА" порталында 2026 жылғы 25 қыркүйекке дейін талқыланады, деп хабарлайды dalanews.kz.

НеХабар мәліметінше, онлайн сауданың жалпы көлемі 2 трлн теңгеден асқан. Соның ішінде 200 млрд теңгенің тауары растайтын құжаттарсыз сатылған. Бұл деректер камералдық бақылау кезінде анықталып, сатушыларға хабарламалар жолданған.

Ұсынылып отырған 89-1-бапқа сәйкес, талаптарды орындамаған сатушының саудасын тоқтату туралы шешімді салық органы қабылдайды. Мұндай жағдайда маркетплейс оның аккаунтын бұғаттауға міндетті болады. Сатушы заңбұзушылықтың себебін жойғаннан кейін шектеу алынады.