Марат Сұлтанғазиев: "Алматы облысы аумағында туристерді қызықтыратын көркем жерлер көп"

Dalanews 12 қаз. 2022 12:54 1065

Өткен жылы Ұйғыр ауданының табиғатына тамсанып келген туристер саны 116 мың адамды құрап, оларға көрсетілген қызметтің көлемі 538 млн теңгеге жеткен. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 413,6 миллион теңгеге артық. Яғни, ауданда туристерге көрсетілген қызмет көлемі 30%-ға өскен. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Ұйғыр ауданының халқымен кездесуі кезінде мәлімдеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жалпы ауданда туристерді қызықтыратын жерлер өте көп. Мәселен, 2020-2021 жылдары жалпы құны бір миллиард теңгеге жуық инвестицияға «Дария», «Комфорт», «Жемчужина» және басқа да термалды бұлақтарда демалыс орындары пайдалануға берілген.

Бұдан бөлек, Назугум үңгірлері, Ағаш көліде туристер үшін аса көркем мекен екені жасырын емес.

– Шарын локациясында туристік кластерді дамыту «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің әлеуетіне негізделген, реликті күл тоғайы, Шарын өзенінің каньоны, термалды бұлақтар, бұл облыс аумағында туристерді қызықтыратын көркем жерлер, – деді Марат Елеусізұлы.


Облыс әкімі, түрлі туристік ресурстардың болуын былай қойғанда, өңірдегі қолайлы климаттық жағдайлар туристерді қыста да, жазда да қабылдауға мүмкіндік беретінін тілге тиек етті. Оның айтуынша, халықаралық туризм «алтын жұмыртқа салатын тауыққа» айналған.

Қазіргі уақытта Ұйғыр ауданының аумағында 170 жылу ұңғымалары мен 55 орналастыру орындары бар. Бүгінгі күні, экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп «Шарын» ұлттық саябағына «Qazaq Geoqraphy» зәкір инвесторы тартылды, ол экотуризмді дамыту бойынша 5 миллиард теңгеден астам сомаға инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Осыған байланысты өңір басшысы жиын соңында,  өзінің орынбасары Арслан Дандыбаевқа, Мемлекеттік кірістер департаментіне, туризм, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларына аудан әкімімен бірлесе отырып, туризмді дамыту мәселелерін, құрылыс және реконструкциялау бойынша жоспарланған нысандарды уақытында аяқтауды ерекше бақылауға алып, туризмнен түсетін салық түсімдерінің дұрыс есебін жүргізуді тапсырды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар