Бүгін Маралды ауылында алтын өндіру фабрикасын салу мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті.
Жиынға 200 – ден астам қатысты, олар-Маралды, маңайдағы ауылдық округ тұрғындары, Күршім ауданының жұртшылығы. Бүкіл аудан тұрғындарының болашағы фабрикамен байланысты екендігі атап өтілді.
Өйткені, кәсіпорын қала құраушы мекеме болмақ.
Бұл жоба өте маңызды жергілікті тұрғындарды жұмысқа орналастыруды, шағын және орта бизнесті дамытуды және кәсіпорын басшылығы қабылдаған әлеуметтік міндеттемелердің кең ауқымын қамтитын болады.
Қоғамдық тыңдау барысында жиналғандар алдында экологтар, түрлі салалардың сарапшылары, бейінді басқармалар мен департаменттердің басшылары сөз сөйледі.
Олар кәсіби тұрғыдан барлық сұрақтарға жауап беріп, халықтың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдады. Тыңдаулар өз мәресіне жетті.