Үкімет басшысының тапсырмасымен қазынадан 5,3 млрд теңге бөлінді. Оның 1,9 млрд теңгесі шөп, ал қалған 3,4 млрд қаржы жем сатып алуға жұмсалмақ.
Осылайша өңірде қысқы мал азығының қорын қалыптастыру жоспарланып отыр. Қазір қажетті жем алу үшін «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ мен «Каспий» ӘКК арасында келісім жасалуда. Сонымен қатар әр ауданнан операторлар анықталып, еліміздің өзге өңірлерінен шөп тасуға дайындық жүріп жатыр.
Дәл қазір жаз бітіп күз басталуға айналды. Біздің ебедейсіз компаниялар әбжіл әрекетке көшіп, қажетті келісімдерін жасағанша талай уақыт өтіп, қыс та келіп есік қағуы мүмкін.