Маңғыстауда соңғы тәулікте індет жұқтырғандардың саны көбейген

Dalanews 17 нау. 2021 12:16 698

Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық департаментінің басшысы Ғазиз Надуев өңірде соңғы тәулік бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны көбейгенін айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, 17 наурыз күні өңірдегі коронавирус инфекциясы бойынша репродуктивті көрсеткіш 1,05 құрады. Осыған дейін бұл көрсеткіш 0.6, 0.7 болған.

– Өкінішке орай, осы күні арнайы көрсеткішіміз 1-ден асып тұр. Бұл, негізінен, тұрғындарымыздың бұрын-сонды індетті жұқтырғандармен тығыз қарым-қатынаста болуынан туындап отыр. Маңғыстау облысы жасыл аймақта болғанымен, коронавирус инфекциясы әлі кеткен жоқ. Қауіп бар. Сол себепті күнделікті санитарлық талаптарды ұстанып, әлеуметтік арақашықтықты сақтау қажет. Аса маңызды болмаса қоғамдық орындарға бармаған абзал, – деді Ғазиз Надуев.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар