Маңғыстау облысында толассыз жауған жаңбыр салдарынан бірнеше елді мекенді су басып, тұрғын үйлерге залал келді. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ведомство мәліметінше, 14–15 сәуір күндері өңірге айлық мөлшерден 3–4 есе артық жауын-шашын түскен. Соның салдарынан Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау және Қарақия аудандарында бірқатар көшені су шайған.
Ал Жаңаөзенде екі тұрғын үйдің ауласы мен ішіне су кірген. Бұдан бөлек, екпінді желдің әсерінен Маңғыстау және Бейнеу аудандарында шамамен 20 тұрғын үйдің шатыры бүлінген.
