Маңғыстауда көлік прокуратурасының қызметкері ұсталды

Маңғыстауда көлік прокуратурасының қызметкері ұсталды
gov.kz

Маңғыстауда көлік прокуратурасының қызметкері ұсталды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бас прокуратураның ішкі қауіпсіздік департаменті Маңғыстау облысы бойынша ҰҚК департаментімен бірлесіп, 9 қарашада алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікпен Маңғыстау көлік прокуратурасының қызметкерін ұстаған.

"Ол 2024 жылдан бері бала күтіміне байланысты еңбек демалысында болуына байланысты нақты қызметтік міндетін атқармаған. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.